Құрылғылар, тапсырмалар және саясат күйлері

Төмендегі кестеде консоль ағашында және Басқару консолінің жұмыс аймағында құрылғы атауларының, тапсырмалар мен саясаттардың жанында пайда болатын белгішелер тізімі берілген. Бұл белгішелер нысандардың күйін сипаттайды.

Құрылғылар, тапсырмалар және саясат күйлері

Белгіше

Күй

Көк дисплейі бар компьютер.

Желіде табылған және қандай да бір басқару тобының құрамына кірмейтін жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйесі бар құрылғы.

Жасыл дисплейі бар компьютер.

OK күйі бар басқару тобының құрамына кіретін жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйесі бар құрылғы

Сары дисплейі бар компьютер.

Ескерту күйі бар басқару тобының құрамына кіретін жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйесі бар құрылғы

Қызыл дисплейі бар компьютер.

Критикалық күйі бар басқару тобының құрамына кіретін жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйесі бар құрылғы

Басқару серверінен ажыратылған көк дисплейі бар компьютер.

Басқару серверімен қосылымы жоғалған басқару тобының құрамына кіретін жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйесі бар құрылғы.

Сұр корпустағы сервер.

Желіде табылған және қандай да бір басқару тобының құрамына кірмейтін серверлерге арналған операциялық жүйесі бар құрылғы.

Жасыл корпустағы сервер.

OK күйі бар басқару тобының құрамына кіретін серверлерге арналған операциялық жүйесі бар құрылғы

Сары корпустағы сервер.

Ескерту күйі бар басқару тобының құрамына кіретін серверлерге арналған операциялық жүйесі бар құрылғы

Қызғылт корпустағы сервер.

Критикалық күйі бар басқару тобының құрамына кіретін серверлерге арналған операциялық жүйесі бар құрылғы

Басқару серверінен ажыратылған сұр корпустағы сервер.

Басқару серверімен қосылымы жоғалған басқару тобының құрамына кіретін серверлерге арналған операциялық жүйесі бар құрылғы.

Көк дисплейі бар ұялы құрылғы.

Желіде табылған және қандай да бір басқару тобының құрамына кірмейтін ұялы құрылғы.

Жасыл дисплейі бар ұялы құрылғы.

OK күйі бар басқару тобының құрамына кіретін ұялы құрылғы.

Сары дисплейі бар ұялы құрылғы.

Ескерту күйі бар басқару тобының құрамына кіретін ұялы құрылғы.

Қызыл дисплейі бар ұялы құрылғы.

Критикалық күйі бар басқару тобының құрамына кіретін ұялы құрылғы.

Басқару серверінен ажыратылған сұр дисплейі бар ұялы құрылғы.

Басқару серверімен қосылымы жоғалған басқару тобының құрамына кіретін ұялы құрылғы.

Ақ леп белгісі бар сұр микросхема.

Желіде табылған және қандай да бір басқару тобының құрамына кірмейтін UEFI деңгейіндегі қорғанысы бар құрылғы. UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғы желіде.

Сұр леп белгісі бар ақ микросхема.

Желіде табылған және қандай да бір басқару тобының құрамына кірмейтін UEFI деңгейіндегі қорғанысы бар құрылғы. UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғы желіде емес.

Ақ жалаушасы бар жасыл микросхема.

Басқару тобының құрамына кіретін UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғының күйі OK. UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғы желіде.

Жасыл жалаушасы бар ақ микросхема.

Басқару тобының құрамына кіретін UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғының күйі OK. UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғы желіде емес.

Ақ леп белгісі бар сары микросхема.

Басқару тобының құрамына кіретін UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғының күйі Ескерту. UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғы желіде.

Сары леп белгісі бар ақ микросхема.

Басқару тобының құрамына кіретін UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғының күйі Ескерту. UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғы желіде емес.

Ақ леп белгісі бар қызыл микросхема.

Басқару тобының құрамына кіретін UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғының күйі Критикалық. UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғы желіде.

Қызыл леп белгісі бар ақ микросхема.

Басқару тобының құрамына кіретін UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғының күйі Критикалық. UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғы желіде емес.

Көк парақта бейнеленген көк құлып.

Белсенді саясат.

Парақта бейнеленген көмескі құлып белгішесі.

Белсенді емес саясат.

Ақ парақта бейнеленген көк құлып. Парақтың сол жақ бұрышындағы жасыл көрсеткі төменге бағытталған.

Негізгі Басқару серверінде құрылған топтан иеленген белсенді саясат.

Ақ парақта бейнеленген көк құлып.

Иерархияның жоғарғы деңгейдегі тобынан иеленген белсенді саясат.

Жасыл жалаушасы бейнеленген сары алмасу буфері.

Тапсырма (топтық, Басқару серверінің немесе арнайы құрылғылар үшін) Жоспарланған немесе Сәтті аяқталды күйінде.

Жасыл жалаушасы бейнеленген сары алмасу буфері. Көк ойнату белгішесі алмасу буферінің төменгі оң жақ бұрышында орналасқан.

Тапсырма (топтық, Басқару серверінің немесе арнайы құрылғылар үшін) Орындалуда күйінде.

Қызыл кірес белгісі бейнеленген сары алмасу буфері.

Тапсырма (топтық, Басқару серверінің немесе арнайы құрылғылар үшін) Сәтсіз аяқталды күйінде.

Жасыл жалаушасы бейнеленген сұр алмасу буфері. Алмасу буферінің сол жақ бұрышындағы жасыл көрсеткі төменге бағытталған.

Негізгі Басқару серверінде құрылған топтан иеленген тапсырма.

Жасыл жалаушасы бейнеленген сұр алмасу буфері.

Иерархияның жоғарғы деңгейдегі тобынан иеленген тапсырма.

Басына оралу